Мемлекеттік климаттық кадастр — бұл ауа температурасын, бұлттылықты, атмосфералық құбылыстарды, желдің бағыты мен жылдамдығын, жауын-шашын мөлшерін және көп жылдық кезеңдегі метеорологиялық деректердің климаттық базасы негізінде қалыптасқан, атмосфераның басқа да сипаттамаларын қамтитын атмосфералық жағдайлардың жиынтығы туралы метеорологиялық ақпаратқа негізделген деректердің жүйелендірілген жиынтығы.
Мемлекеттік климаттық кадастр деректерінің құрамына мыналар кіреді:
1) белгілі бір байқау мерзімі, тәулік, ай, жыл үшін метеорологиялық параметрлердің орташа мәндері;
2) белгілі бір байқау мерзімі, тәулік, ай, жыл үшін метеорологиялық параметрлердің соңғы (экстремалды) мәндері;
3) метеорологиялық құбылыстардың басталуының орташа және соңғы мерзімдері;
4) метеорологиялық құбылыстардың немесе метеорологиялық параметрлер мәндерінің қайталануы.
Ақпарат алу үшін тіркеуден өту керек.
Мемлекеттік Климаттық кадастрдың деректері жалпы мақсаттағы ақпаратқа жатады. Гидрометеорологиялық ақпаратты тұтынушылар, деректерді "Қазгидромет" РМК сайтындағы платформадан ала алады.
Мемлекеттік Климаттық кадастрдың деректерін алу жөніндегі нұсқаулық бейнеролигі, төменде келтірілген (Бейнеролигі).
E-mail және құпия сөзіңізді енгізіңіз