«Қазгидромет» РМК гидрологиялық бекеттерінде бақылау нәтижелерін ашық пайдалануға арналған деректер базасы Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің 2021 жылғы 27 шілдедегі №267 бұйрығымен (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2021 жылғы 27 шілдеде №23716 болып тіркелді) бекітілген «Ұлттық гидрометеорологиялық қызметтің ақпарат беру қағидалары» негізінде құрылды.
Базада жалпы мақсаттағы ақпарат болып табылатын мемлекеттік бақылау желісін пайдалана отырып алынған деректер ұсынылған.
Деректер базасында «Өзен-Режим» бағдарламасының көмегімен бастапқы гидрологиялық деректерді өңдеу және талдау нәтижесі болып табылатын
режимдік гидрологиялық ақпарат ұсынылған (Гидробекеттерден ағымдағы гидрологиялық ақпаратты бастапқы өңдеудің автоматтандырылған жүйесі).
Бірқатар деректер 1995-2019 жылдар аралығын қамтиды, «Өзен-Режим» бағдарламасы арқылы өңделген деректер - 2010 жылдан бастап қазіргі уақытқа
дейін және жыл сайын бақылау материалдарының дайындығына қарай толықтырылатын болады.
ҰГМС ұсынған бұқаралық ақпарат құралдарында гидрологиялық ақпаратты тарату кезінде оны алу көзіне міндетті сілтеме беріледі.
Егер сізде гидрологиялық мәліметтер базасы туралы ескертулер мен ұсыныстар болса, келесі E-mail-ға жазуды сұраймыз: info@meteo.kz; press@meteo.kz
Ақпарат алу үшін сіз тіркеуден өтуіңіз керек.
Өзіңіздің е-mail-ыңызды және құпия сөзді енгізіңіз