МЕТЕОРОЛОГИЯЛЫҚ МӘЛІМЕТТЕР БАЗАСЫ

«Қазгидромет» РМК метеорологиялық станцияларда бақылау нәтижелерін ашық пайдалану үшін Деректер Базасы, Қазақстан Республикасы Экология, Геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 23 шілдедегі №267 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2021 жылғы 27 шілдеде №23716 болып тіркелген) «Ұлттық гидрометеорологиялық қызметтің ақпарат беру қағидалары» негізінде құрылған.

Базада жалпы мақсаттағы ақпарат болып табылатын мемлекеттік бақылау желісін пайдалана отырып алынған деректер ұсынылған. Деректер базасында бастапқы метеорологиялық деректерді өңдеу және талдау нәтижесі болып табылатын режимдік метеорологиялық ақпарат ұсынылған. Деректер ПЕРСОНА МИС бағдарламасындағы станциялардың ағымдағы метеорологиялық ақпаратын бастапқы өңдеуден кейін (станциялардан ағымдағы метеорологиялық ақпаратты бастапқы өңдеудің автоматтандырылған жүйесі) (RES) файлдарынан шығарылды. Бірқатар деректер 2000 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейінгі кезеңді қамтиды және бақылау материалдары дайын болған сайын ай сайын толықтырылатын болады. ҰГМҚ ұсынған бұқаралық ақпарат құралдарында жалпы мақсаттағы ақпарат пен дауылды метеорологиялық және гидрологиялық ақпаратты тарату кезінде міндетті түрде оны қабылдау көзіне сілтеме жасалады.

Егер сізде метеорологиялық мәліметтер базасы бойынша ескертулер мен ұсыныстар болса, E-mail-ге жазуды сұраймыз: info@meteo.kz; press@meteo.kz

Ақпарат алу үшін тіркеуден өтуіңіз керек.

E-mail және құпия сөзіңізді енгізіңіз

Сізде әлі тіркелгі жоқ ТІРКЕЛУ